«Туған жер – алтын бесігім» клубы

Жетекшісі
Шамшиева Гаухар Сагындыковна
Тарих ғылымдарының кандидаты, Доцент
e-mail: g.shamshieva@alt.edu.kz
«Туған жер – алтын бесігім» клубының ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Клуб Тынышбаев атындағыALT, университеті «Логистика және басқару» институтының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасында құрылған.
1.2. Қазақ елін жан тәнімен сүйіп, оның мемлекеттік тілін, тарихын біліп, салт дәстүрін қадірлейтін кез келген білім алушы студент мүше бола алады.
1.3. Клуб отырыстары айына бір мәрте өткізіліп тұрады.
1.4. Клуб жұмысын клуб жетекшісі басқарады. Студенттерді кездесулерге ұйымдастырып, қазақ халқының тұлғаларымен таныстырады.
- «Туған жер – алтын бесігім» клубының құрылу мақсаты мен міндеттері.
2.1. Клубтың басты мақсаты: жастардың бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыра отырып, оларды патриотизмге тәрбиелеу;
2.2. Клубтың басты міндеттері:
Ой өрісін жан жақты кеңейту;
-студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру;
-туған тұлғалар туралы қызықты деректер жинастыру;
-атақты тұлғалардың өмір баянын зерттеу;
-туған жерлеріне байланысты аңыз әңгімелер жинақтау;
-қазақ ұлтының төл мәдениеті үлгілерін, салт дәстүр, ұлттық тарихын насихаттау негізінде рухани адамгершілік тәрбие беру;
- «Туған жер – алтын бесігім» клубы міндеті
3.1. Айына бір рет өткізілетін шараларды ұйымдастыру;
3.2. Өткізілген шаралардың хаттамаларын толтырып, уақытылы өткізу;
3.3. Өткізілетін шараларға қонақтарды шақыру;
3.4. Клубтың жұмысын қорытындылау;
- Қажетті құжаттар
4.1. Жылдық жоспар
4.2. Клуб ережесі
3.4. Хаттамалар
- Клубтың жұмысын жоспарлау
5.1. Өткізілген шараларды академияның сайтын тіркеу
«Туған жер – алтын бесігім» клубының бағдарламасы
Түсініктеме.
Еліміз қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Осы жаңа тарихи кезеңде бабалардан мирас болып, қанымызға енген, бүгінде тамырымызды бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Жастардың бойында туған жерге туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілікті оятумен қатар патриотизмді қалыптастыру қажет. Осы мақсатта академия жанынан «Туған жер – алтын бесігім» атты клуб 1-2 курс студенттерінің арасында ұйымдастырылады.
Бағдарламаның басты бағыты:
-жоғарғы оқу орындарында тәрбие жұмысының негізінде отанға, елге деген құрмет;
-адамгершілік, патриоттық сана сезімін қалыптастыру;
-ұлттық болмысын қалыптастыру;
-ұлттық салт дәстүрімізді, тіліміз бен әдебиетімізді, тарихымызды зерделеу;
-клубтың қызметі арқылы студенттердің өзін өзі дамытуға ынталандыру;
-тарихымыздың құндылықтары мен мәдениетімен таныстыру;
-студенттердің бойында рухани, мәдени зерделігін арттыру.
Бағдарламаның мақсаты:
-студенттерді туған жерлерінің тарихымен таныстыру және отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
Бағдарламаның міндеттері:
-тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия ғылымдары бойынша студенттердің ой өрісін кеңейту;
-тарихты зерделеуге үйрету;
-мәдени құндылықтарымызды студенттердің бойында дамыту;
-рухани дәстүрімізді қалыптастыру;
Бағдарламаның жұмысын іске асыру жолдары:
— кездесу барысындағы іс шаралар


