Select Page

РСПО

Республикалық студенттік пәндік олимпиада жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізетін жыл сайынғы конкурс. Олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамытуды анықтау мақсатында Республикалық студенттік олимпиадалар шеңберінде өткізіледі және талантты студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылады, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуға команда қалыптастыру үшін.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;
  • студенттердің кәсіби және жеке әлеуетін, олардың өзін-өзі тануын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі тануға және өзін-өзі растауға жағдай жасау;
  • студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу;
  • талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
  • білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасты қалыптастыру.
Приемная комиссия