«ЛжКА» АҚ Президент-Ректорының гранты
1.1 ЛжКА Президент-Ректор гранты (бұдан әрі-Грант) білім алушыларға жеңілдіктер беру туралы Ережеге сәйкес белгіленген.
1.2 Осы Ереже тиісті қабылдау жылының талапкерлері үшін қолданылады және мыналарға бағытталған:
1.2.1 ЛжКА білім алушыларының әртүрлі санаттарын әлеуметтік қорғау шаралары жүйесін іске асыру;
1.2.2 ҰБТ нәтижелері жоғары мемлекеттік грантқа конкурс бойынша өтпеген талапкерлерді қолдау.
1.3 Грант – оқу жоспарында және оқу пәндерінің бағдарламаларында белгіленген көлемде таңдалған мамандық бойынша оқу ақысын төлеу үшін ЛжКА бюджетінен қаражаттың нысаналы сомасы. Грант қосымша және қайта оқытылатын пәндер бойынша шығыстарды және оқу пәндеріндегі айырмашылықты жоюды өтемейді. Грант беру мерзімі-1 жыл / 4 жыл.
1.4 Грант алуға ҰБТ нәтижелері жоғары мемлекеттік грантқа конкурс бойынша өтпеген Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.
1.5 Гранттың жалпы көлемі мынадай түрде бөлінеді:
1) халықтың әлеуметтік осал топтарынан талапкерлерді қолдау-5 дана;
2) мектеп оқушылары арасында бейіндік пәндер бойынша олимпиада нәтижелері бойынша-12 дана;
3) ақпараттық-талдау порталымен әріптестік шеңберінде JОО.kz – 15 дана.
4) «Дарынlline» білім беру орталығымен әріптестік шеңберінде – 20 дана.