Select Page

“Сәулет-құрылыс инженериясы” кафедрасы

Мурзалина Гульшат Бухарбаевна

"Сәулет-құрылыс инженериясы" кафедра меңгерушісі

Мурзалина Гульшат Бухарбаевна , техника ғылымдарының кандидаты

Кабинет: № В402
e-mail:  g.murzalina@alt.edu.kz

Кафедра тарихы

1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ААЖИ және АЛКИИ екі жоғары оқу орнының базасында Қазақ көлік және коммуникация академиясы (ҚжКА) болып қайта құрылды.

1977 — 2009жж. – «Автомобиль жолдары» кафедрасы — «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша инженерлер даярлады.

2008 жылы кафедра 5В072900(050729.05) – «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы» және 5В072900 (050729.05.02) — «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлардың алғашқы шығарылымын жүзеге асырды.

2009 жылы «Автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдалану» кафедрасы «Көлік құрылысы»кафедрасына айналды.

2010 жылы – ҚжКА 5В074500 (6М074500) – «Көлік құрылысы»мамандығы бойынша алғашқы магистранттарды қабылдады.

1993 жылғы желтоқсанда ҚР ЖАК шешімімен 05.22.06 «Теміржол жолы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша АЛКИИ жанынан 21.01.01 – ге дейін, 2003 жылы докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған Кеңес ашылды.

Кафедра 2009 жылы «Көлік құрылысы» болып өзгертілді.

2021-2022 оқу жылында «Көлік құрылысы» және «Жылжымалы құрам» кафедралары бір «Магистральдық инженерия» болып біріктірілді.

2022-23 оқу жылының қыркүйегінен бастап «Магистральдық инженерия» кафедрасы екі кафедраға бөлінді: «Құрылыс инженериясы» және «жылжымалы құрам».

2023-2024 оқу жылында Құрылыс және сәулет Білім беру бағдарламалары студенттерінің контингентінің ұлғаюына байланысты «құрылыс инженериясы» кафедрасы екі кафедраға бөлінді

2024 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра «Сәулет-құрылыс инженериясы» деп аталады және білім беру бағдарламалары бойынша келесі мамандарды дайындайды:

6В07130 ‒ «Автомобиль жолдары мен аэродромдар»;
6В07131 ‒ «Желілік құбырлар»;
6В07322 ‒ «Мұнай-газ құрылыстарын салу»;
6В07324 ‒ «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы»;
6В07329 — «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен құрылыстар салу»; 
6B07330 — «Ғимараттар және құрылыстар сәулеті»;
6В07339 ‒ «Мұнай-газ құрылыстарын салу».

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша:

7М07160 ‒ «Көлік құрылыстары» (бейіндік, 1,5 жыл);
7М07159 ‒ «Көлік құрылымдары» (ғылыми және педагогикалық, 2 жыл);
7М07345 ‒ «Көлік құрылысы» (бейіні, 1,5 жыл);
7М07346 ‒ «Көлік құрылысы» (ғылыми және педагогикалық, 2 жыл); 

Докторураның білім беру бағдарламасы бойынша:

8D07165 ‒ «Көлік құрылыстары» (ғылыми-педагогикалық, 3 жыл).

2025 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асыруда:

6В07347-«Сандық құрылыс және BIM-технологиялар»;
6В07177 – «Мұнай және газ тасымалдау инженериясы»;
6B07183 — «Smart Roads: көлік құрылымдарындағы цифрлық технологиялар»
6В07348 – Автомобиль жолдарын салу және аэродромдар;
7M07351‒ «Көлік құрылысын басқару» (бейімдік, 1 жыл).

Қазіргі уақытта кафедра жоғары білікті оқытушылармен толық жабдықталған. Кафедрада жақсы жабдықталған оқу-зертханалық база және компьютерлік сынып бар. Кафедра өзінің құрамы бойынша ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының автомобиль жолдары кафедраларының ішіндегі ең үздіктерінің бірі болып саналады, белсенді ғылыми зерттеулер жүргізеді және көлік университеттерімен және ТМД ҒЗИ-мен, өндіріспен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Көлік және ақпараттандыру академияларымен тығыз халықаралық байланыстарға ие.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:

    Көлік саласының жасанды құрылыстарының сенімділігі мен тұрақтылығын бағалау

    • Автомобиль және темір жолдардағы көпір құрылыстарын, су өткізгіш құбырларды және басқа да жасанды құрылыстарды тексеру және сынау, жылжымалы жүктемені өткізу шарттарын анықтау және техникалық жай-күйін бағалау, ақауларды жою және құрылысты қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
    • Құрылымдар мен құрылыстардың мониторингі жүйелерін әзірлеу;
    • Жол салу, құрылыс-сәулет,мұнай-газ мамандарын даярлау, мамандандыру және тағылымдамадан өткізу.
    • Инженерлік-геологиялық ізденістер
    • Топырақты далалық зерттеу;
    • Жер асты және жер асты суларын зертханалық зерттеу;
    • Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың іргетастарының негіздерін зерттеу.

    Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, автомобиль жолдары мен аэродромды жобалау, салу, күтіп ұстау және жөндеу саласындағы мамандардың сапасына қойылатын өсіп келе жатқан талаптарды ескеретін автомобиль-жол саласы үшін кәсіби құзыреттілігі бар кадрларды даярлау.

    Профессор-оқытушылар құрамы

    Мурзалина Гүлшат Бұхарбайқызы

    Мурзалина Гүлшат Бұхарбайқызы

    Ассистент- профессор

    Техника ғылымдарының кандидаты

    Квашнин Михаил Яковлевич

    Квашнин Михаил Яковлевич

    Қауымдастырылған профессор

    Техника ғылымдарының кандидаты, “Құрылыс” мамандығы бойынша ЖАК доценті

    Еспаева Гульсум Аблахатовна

    Еспаева Гульсум Аблахатовна

    Қауымдастырылған профессор

    Президент-ректордың ғылыми-техникалық және академиялық саясат жөніндегі кеңесшісі

    Турсумбекова Хорлан Сакеновна

    Турсумбекова Хорлан Сакеновна

    Қауымдастырылған профессор

    Техника ғылымдарының кандидаты (PhD)

    Дюсенгалиева Турлы Мухтаровна

    Дюсенгалиева Турлы Мухтаровна

    ALT қауымдастырылған профессоры

    Техника ғылымдарының кандидаты

    Утешбаева Айгуль Амангалиевна

    Утешбаева Айгуль Амангалиевна

    ALT қауымдастырылған профессоры

    Техника ғылымдарының кандидаты

    Джексенбаев Ержан Копжасарович

    Джексенбаев Ержан Копжасарович

    Ассистент- профессор

    Техника ғылымдарының кандидаты

    Джумагалиев Талгат Кумаргалиевич

    Джумагалиев Талгат Кумаргалиевич

    ALT қауымдастырылған профессоры

    т.ғ.к.

    Оразбаева Динара Абдолдаевна

    Оразбаева Динара Абдолдаевна

    Сеньор-лектор

    Техникалық-ғылым магистрі

    Сулейменов Исабек Тасполатович

    Сулейменов Исабек Тасполатович

    Сениор-лектор

    Магистр әлеуметтік ғылымдар

    Төлеубаева Ақбота Ерболқызы

    Төлеубаева Ақбота Ерболқызы

    Ассистент-оқытушы

    Техника ғылымдарының магистрі

    Кафедра байланыстары

    Кафедра: Сәулет-құрылыс инженериясы

    Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы
    Байланыс деректері: каб № В402

    Оқу ғылыми зертханалары

    “Жолдар мен жасанды құрылыстарды сынау” аккредиттелген сынақ зертханасы

    “Материалдар кедергісі” оқу зертханасы

    “Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы” оқу зертханасы

    “Құрылыс материалдары” оқу   зертханасы

    Өндірісте оқу процесін ұйымдастыру

    6В07130-Автомобиль жолдары мен аэродромдар және 6В07324-Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың теориялық және практикалық дағдыларын бекіту мақсатында «ҚазЖолҒЗИ» АҚ филиалының базасында «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасының филиалдары құрылып, жұмыс істеуде. Филиалдар базасында нақты өндірістік жағдайларда практикалық сабақтар, сондай-ақ кіші курс студенттері үшін таныстыру экскурсиялары өткізіледі.

    1) Кафедра филиалдары ашылған ұйымдардың тізімі

    «ҚазЖолҒЗИ» АҚ автомобиль саласының болашақ мамандарын даярлау мақсатында оқу үдерісін ұйымдастыруда негізгі серіктес болып табылады. Жиырма жылдан астам уақыт бойы табысты дамып келе жатқан бұл ынтымақтастық жоғары білікті мамандарды тәжірибеге бағытталған даярлауға ықпал етуде.

    2) Семестр бойынша дуальды оқытуға шығарылған пәндер тізімі

    Пәннің атауы

    Курс

    Өткізу орны

    Өткізу кезеңі

    1 семестр

    1

    Автомобиль жолдарын салу

    3

    ТОО «Apple Build project»
    Қ. Алматы, Жетісу ауданы, Полежаев көшесі, 92 А үй, ОФ. 323

    1-15 апта

    2

    «Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы»

    2

    1-15 апта

    2 семестр

    1

    Құрылыс материалдары

    4

    АО «КазДорНИИ»
    Алматы қ., Нұрпейісова көшесі, 2А

    1-15апта

     

    3) Дуальды оқыту сабақтарын жүргізетін өндірістегі оқытушылар тізімі

    Практикалық сабақтарды аталған профильдік пәндер бойынша өндіріс мамандары өткізеді:

    1. Ашимова С.Ж. – Бас маман, АО «КазДорНИИ» Алматы филиалы.
    2. Құрманбеков Ж. – Директор, ТОО «Apple Build project».
    4) Топ-менеджерлер тізімі

    Топ-менеджерлер мен жетекші мамандар Автомобиль жолдары және басқа кәсіпорындардан біздің студенттеріміз үшін қонақ лекциялары мен көшбасшылық дәрістер оқиды, сондай-ақ дипломдық жұмыстардың жетекшілері мен рецензенттері ретінде тартылады.
    Кестеде 2024-2025 оқу жылында қонақ лекциялары мен көшбасшылық дәрістерге қатысатын топ-менеджерлер көрсетілген:

    Дәріс тақырыбтары

    Күні

    Дәріскердің аты-жөні

    Ұйым аты,атқаратын қызметі

    1 СЕМЕСТР

    1

    «Жол құрылысында әлсіз топырақтарды ағынды цементациялау әдісін қолдану

    2024 жылдың қыркүйегі

     Малинин Алексей Генрихович, техника ғылымдарының кандидаты, Құрылыс компаниясының директоры

    «ИнжПроект Строй», қ. Пермь, Ресей

    2

    «Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы»

    2024 жылдың қарашасы

    Назаренко Галина Викторовна.
    Ведущий ғылыми қызметкер, АО «КаздорНИИ»
    Ассистент, инженер Абдукаримова Гүлнар.

    АО «КазДорНИИ»

    2 СЕМЕСТР

    1

    «Инновациялық жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау»

    2025 жылдың сәуірі

    Заместитель директора Асанова Галия Темірханқызы.

    АО «КазДорНИИ»

    2

    «Автожол саласының даму перспективасы»

    2025 жылдың сәуірі

    Зам. председателя
    Бахтияр Жамбыл

    Автомобиль жолдары комитеті

     

    5) Практика өту базалары

    Оқу курсы аяқталғаннан кейін өндірісте міндетті практика өту қарастырылған. Практика оқу үрдісінің жалпы концепциясына сәйкес келеді, теориялық курсты оқыту барысында алынған білімдерді бекітеді және болашақ маманның еңбек жағдайларына бейімделуін жеңілдетеді.

    Кестеде «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасы бойынша практика базалары көрсетілген.

    1. АО «КаздорНИИ»
    2. СК ИНжиниринг
    3. АО НК Казавтожол
    4. Алматинский филиал НЦКДА
    5. ТОО «Алматы Жоба»
    6. ТОО «Apple Build project»
    7. ТОО « Дорожный научно-производсвенный центр»
    8. ТОО « КазНИИ БДД»
    9. ТОО «Каздопроект»
    10. ТОО «Qazaq Construction»
    Skip to content
    Приемная комиссия