Select Page

“Логистика және бизнес” институты

Мусаева Гульмира Сериковна

"Логистика және бизнес" институтының директоры

Даубаев Канат Жаксымуратович 

Телефон: +7 (727) 292 16 55
e-mail: k.daubaev@alt.edu.kz
Кабинет: В505
Директоратқа виртуалды қабылдау арқылы да хабарласуға болады

Институт тарихы

Кешеден бүгінгі күнге дейін: 1976 жылы ТашИИТ-тің Алматы филилалы болып, кейін Алматы темір жол инженерлері институтында «Темір жолды пайдалану» факультеті болып ашылған алғашқы күндерінен-ақ университеттің маңызды  бөлігіне айналды.

Факультет 1983 жылы «Тасымалдау процестерін басқару» атауымен құрылды, 1998 жылы «Тасымалдауды ұйымдастыру», 2015 жылы «Логистика және басқару» факультеті болып өзгертілді, 2021 жылдан бастап «Логистика және басқару» институты мәртебесін алды және қазіргі уақытта «Логистика және бизнес» институты деген атпен жұмыс атқарады.

Факультеттің алғашқы басшысы т.ғ.к., доцент Кулманов К.А. болды. Кейінгі жылдары факультетті әр кезеңде т.ғ.к., доцент Аубакиров К.Ж., т.ғ.к., профессор Бекжанов З.С., т.ғ.д., доцент Сарбаев С.Ш., т.ғ.д., профессор Қуанышев Б.М., т.ғ.д., профессор Қарсыбаев Е.Е., т.ғ.д., профессор Сабетов А.С., т.ғ.д., профессор Бекжанова С.Е., т.ғ.д., профессор Мұхамеджанова А.В., т.ғ.д., профессор Малғаждаров Е.С., т.ғ.к. Игембаев Н.К., т.ғ.к., доцент Битілеуова З.К., т.ғ.к., доцент Кенжебаева Г.Ж., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қалтаев А.К., т.ғ.д., профессор Мұсаева Гүлмира Серікқызы басқарды. Бүгінде институтты э.ғ.д., қауымдастырылған профессор Даубаев Қанат Жақсымуратұлы басқарады.

Факультет құрылған алғашқы күннен бастап білім мен ғылымның жоғары стандарттарына ұмтылды. Факультеттің алғашқы түлектері теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру саласындағы танымал, жоғары білікті мамандар болып, олардың кәсіби табыстары мен саланың дамуына қосқан үлесі кейінгі студенттер ұрпақтарын осы мамандықты таңдауға, жоғары нәтижелерге ұмтылуға шабыттандырады.

Осы жылдар ішінде факультет көптеген өзгерістерге ұшырады, жаңа кафедралар ашылды, бұл бізге оқу жоспарын кеңейтуге және жетекші мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Құрылған кезеңде өткізілген мерейтойлық іс-шаралар институт жетістіктерінің айқын айғағы болды. Бүгінгі таңда «Логистика және бизнес» институты өз жетістіктерін мақтанышпен атап өтеді: біздің студенттеріміз ғылыми олимпиадаларда, форумдарда және байқауларда тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді, ал профессор-оқытушы құрамы өз зерттеулерін беделді академиялық басылымдарда белсенді түрде жариялайды. Институттың заманауи инфрақұрылымы оқыту мен ғылыми зерттеулер үшін тамаша жағдай жасайтын заманауи зертханалар мен аудиторияларды қамтиды.

Институтымыздың тарихы – білімге ұмтылып, үздіксіз даму үстіндегі табыстар тарихы. Барлығын осы қызықты оқиғаның бір бөлігі болуға шақырамыз.

Институт туралы ақпарат

Институт: Логистика және бизнес

Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы, каб. В505
Тел. +7 (727) 292 16 55, ішкі: 13-32
E-mail: k.daubaev@alt.edu.kz

Әкімшілік

Мусаева Гульмира Сериковна

«Логистика және бизнес» институтының директоры

Даубаев Канат Жаксымуратович
Телефон: +7 (727) 292 16 55
e-mail: k.daubaev@alt.edu.kz
Кабинет: В505

Бадамбаева Салтанат Ергазиевна

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Бадамбаева Салтанат Ергазиевна

ішкі тел: 10-41
e-mail: s.badambaieva@alt.edu.kz
Кабинет: В505

Мусалиева Роза Джалиловна

«Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының меңгерушісі

Мусалиева Роза Джалиловна, Қауымдастырылған профессор, Техника ғылымдарының кандидаты

e-mail: r.mussaliyeva@alt.edu.kz

Абдирайымова Ардак Серикбаевна

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі

Әбдірайымова Ардақ Серікбайқызы, Профессор, тарих ғылымдарының кандидаты

e-mail: a.abdiraiymova@alt.edu.kz

Ахметова П.Т.

"Жалпы инженерия" кафедрасының меңгерушісі

Ахметова Патам Тургановна, т.ғ.к.

e-mail: p.ahmetova@alt.edu.kz

Смаилова Фреза Ибрагимовна

"Languagе education" кафедрасының меңгерушісіні

Смаилова Феруза Ибрагимовна, педагогика ғылымдарының кандидаты

e-mail: f.smailova@alt.edu.kz

Білім беру бағдарламалары

«Логистика және бизнес» институтының кафедралары

Skip to content
Приемная комиссия