Select Page

Құрметті білім алушылар!

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес 2021-2022 оқу жылының аралық аттестаттау (қысқы емтихан сессиясы) қорытындылары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына мынадай білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге және магистранттарға конкурс жарияланады:

 

Білім беру бағдарламаларының тобы / Мамандық Курс Вакантты орындар
1. «B062 – Электротехника және энергетика» 1 1
2. «В065 – Автокөлік құралдары» 1 2
3. «B062 – Электротехника және энергетика» 2 3
4. «В065 – Автокөлік құралдары» 2 9
5. «B095 – Көлік қызметтері» 2 2
6 «M152 – Логистика (сала бойынша)» 2 1
7. «B062 – Электротехника және энергетика» 3 10
8. «B063 – Электротехника және автоматтандыру» 3 4
9. «В065 – Автокөлік құралдары» 3 21
10. «B095 – Көлік қызметтері» 3 1
11. «5B070200 – Автоматтандыру және басқару» 4 4
12. «5B071300 – Көлік, көліктік техника мен технологиялар» 4 10
13. «5B071800 – Электроэнергетика» 4 1
14. «5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» 4 1
15. «5B090100 – Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру» 4 2
16. «5B090900 – Логистика (сала бойынша)» 4 1
БАРЛЫҒЫ 73

 

Құжаттар институт директораттарында қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін сізге қажет:
1. GPA балын көпшілікке жариялауға келісімін көрсететін өтініш;
2. жеке куәліктің көшірмесі;
3. транскрипт.

Приемная комиссия