Select Page

ЛжКА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

СІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТОҚТАТА АЛАСЫЗ!

 

Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы төменде көрсетілген байланыстар арқылы хабарлауға болады:

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті.

Орналасқан жері: Алматы қ., Шевченко к-сі, 97, «Логистика және көлік академиясы», БОҒ, № 2202 каб.

Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына, параны қорқытып алу фактілеріне немесе қандай да бір сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ осы мәселеге немқұрайлы қарамасаңыз, келесі сенім телефоны арқылы хабарласа аласыз: + 7777 970 2255, сондай-ақ WhatsApp месенджер арқылы!!! Анонимділікке кепілдік береміз!!!

Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің мақсаттары мен міндеттері:

  1. ЛжКА корпоративтік мәдениет кодексін, ЛжКА студенттерінің Ар-намыс Кодексін іске асыру, куратор туралы ереже;
  2. Президент-Ректор блогы арқылы Академия басшылығымен кері байланыс;
  3. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен факторларын анықтау үшін студенттер мен ПОҚ арасында тұрақты әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
  4. «Оқытушы студенттер көзімен» және «Таза сессия» және т. б. тақырыптарда сауалнама жүргізу;
  5. Сабақтарға қатысу мен үлгерімнің электрондық журналын толық енгізу (Платонус);
  6. Плагиатқа қарсы жүйені қолдану «Антиплагиат»;
  7. Аралық және қорытынды емтихандарды тапсыру ережелерінің бұзылуын онлайн-режимде анықтауға мүмкіндік беретін бейнетіркеу және мониторинг технологияларын пайдалану (шпаргалкаларды, ұялы телефондарды және т. б. пайдалану);
  8. Академияның институттарында профессорлық-оқытушылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандыру;
  9. Сыбайлас жемқорлық фактілерін жедел хабарлау үшін сенім телефондары мен «Сенім жәшіктерін» ұйымдастыру;

Заңсыз әрекет туралы қалай хабарлауға болады?

Келесі тізбекті сақтау ұсынылады:

  1. Бұзушылықтың мазмұнын және сізге белгілі фактілерді сипаттаңыз;
  2. Бұзушылық орын алған институтты, кафедраны немесе академияның бөлімшесін көрсетіңіз;
  3. Атыңызды атаңыз (міндетті емес);
  4. Кері байланыс үшін координаттарыңызды көрсетіңіз (міндетті емес).

Хабарламаның мәні негізсіз күдіктерді емес, сізге белгілі фактілерді нақты көрсетуі керек екендігіне назар аударамыз. Біз сізден қызметтік тергеу жүргізуге болатын нақты жасалған немесе жоспарланған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы көмек пен ақпаратты күтеміз.

Парасат жолы

Саналы ұрпақ

Комплаенс қызметі

Приемная комиссия