Select Page
Логистика және көлік академиясы 2022 жылғы 12 сәуірдегі Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу аясында ғылым және инновациялар айын жариялайды.

Ғылым қызметкерлерінің күні – еліміздің зияткерлік әлеуетін жасауға атсалысқандардың барлығының мерекесі, білім мен жаңалықтардың мерекесі. Бүгінгі таңда ең маңызды жаңалықтардың артында университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары тұр.

Жоспарланған іс-шараларға дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, зияткерлік әзірлемелер көрмелері, ғылыми конференциялар мен қызықты кездесулер кіреді.

Сізді қызықты даулар, пікірталастар, танымдық кездесулер күтуде.

Құрметпен,
Ғылым бөлімі.

Логистика және көлік академиясында ғылым және инновациялар айлығы аясында 2022 жылдың 1 сәуірінен 30 сәуіріне дейін өткізілетін іс-шаралар жоспары

Приемная комиссия