Select Page

Алақай!!! Алақай!!!Алақай!!!

Жаңа оқу жылы енді басталды, ал ALT қоржыны жаңа келісім-шартпен толықты

 

09.09.2021 ж. Логистика және көлік Академиясының қабырғасында “Қытай Азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясы” ЖШҚ (CCECC) Қазақстан Республикасындағы филиалының бас директоры Фан Ляньцзюньмен кездесу өтті. Кездесу барысында бірлескен жұмыс үшін перспективалық бағыттар, атап айтқанда, «Магистральдық желілер және инфрақұрылым» білім беру бағдарламасының желісі бойынша ынтымақтастықты дамыту талқыланды. Сондай-ақ, кездесудің қонақтары Шалкия цинк жобаның үйлестірушісі Чу Чжэнъюй, бас директордың ассистенті Усманова Айнура, бас директордың орынбасары Ван Син болды.

Кездесудің басты тақырыбы ынтымақтастық туралы келісім-шартқа отыру болды. Екі жақтың тараптар төмендегідей маңызды мәселелерді атап өтті:

  • ALT студенттері, магистранттары және/немесе докторанттары үшін CCECC базасында кәсіптік практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру, кейіннен түлектердің жұмысқа орналасуын қарастыру мүмкіндігі;
  • ALT оқытушылары, жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттары үшін ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыруға көмек көрсету;
  • ALT және CCECC ғалымдарының, оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсетуге ықпал ету;
  • ALT-да дәрістер оқу, баяндамалармен сөз сөйлеу және т. б. үшін CCECC қызметкерлерін тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • ҚХР жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа жағдай жасау;
  • жобалау-іздестіру қызметін жүргізу бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • өзара қызығушылық тудыратын саладағы ғылыми ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
  • екі тараптың мүдделеріне жауап беретін өзара уағдаластық бойынша түрлі білім беру іс-шараларын өткізу;
  • CCECC құрылыс-монтаждау қызметіне қатысу арқылы бірлескен студенттік құрылыс отрядтарын құру;
  • студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бірлескен конкурстар өткізу және үздік жұмыстарды марапаттау.
Font Resize
Contrast