Select Page

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағын беру ережесі» бойынша Логистика және көлік академиясында ҚР ҒжЖБМ 2023 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының I кезеңі өткізілді. «Логистика және көлік академиясы» АҚ байқау комиссияның қарауына штаттық ПОҚ қатарынан барлығы 6 (алты) байқау істері келіп түсті.

Сараптамалық комиссияның қорытындысы негізінде және 2023 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге арналған байқауының I кезеңінің қорытындысы бойынша байқау комиссиясы Сансызбай Қаныбек Мұратбекұлы (15 жылдан кем өтілі бар), Альтаева Жанар Жақсыбайқызы және Мусалиева Роза Жалилқызы (15 жылдан астам өтілі бар) кандидатураларын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы беру байқауының 2-ші Республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынды.

Біздің ҚР ҒжЖБМ 2023 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысушыларға Республикалық байқауының II кезеңінде жеңіс тілейміз.

Приемная комиссия