Select Page

2024 жылдың 5 сәуірінде: КГ 23-6, КГ 23-3, М 23-2 топтарының студенттері Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде өткен Қазақстандағы Ғылым күніне арналған «IQ-Нейробика» зияткерлік ойынының қалалық ЖОО аралық фестиваліне қатысты.

Фестивальдің мақсаты: коммуникативтік дағдыларды дамыту, студенттердің шығармашылық ойлауын, лингвистикалық ой-өрісін қалыптастыру, студенттік ғылыми қоғамдастықпен танысу. Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде өткізілетін зияткерлік ойындарға қызығушылық таныту.

Зияткерлік ойындар бір уақытта бес аудиторияда өткізілді: лексика, орыс тілінің грамматикасы, стилистика бойынша әртүрлі тапсырмалар; мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, фразеологизмдерді қолдануға арналған жаттығулармен өтті.

Фестиваль соңында барлық қатысушылар белсенді қатысқаны және көрсеткен білімдері үшін түрлі сыйлықтармен марапатталды. Әрбір студент Қазақстандағы Ғылым күніне арналған «IQ-Нейробика» интеллектуалды ойынының қалалық ЖОО аралық фестиваліне қатысқанын растайтын қатысушы сертификатын алды. Бұл сертификаттар шара жайлы жақсы естеліктер қалдырып қана қоймай, сонымен қатар олардың зияткерлік жарыстарға қатысуы мен жетістіктерін растайтын құжаттардың бірі болды.

Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастырып, қолдағаны үшін студенттердің жетекшілері – Логистика және көлік академиясы «Тілдік дайындық» кафедрасының ассистент-профессорлары Каламбаева Г.А. және Есжанова Г.К. сертификаттармен марапатталды. Бұл сертификаттар фестивальдың сәтті өткеніне және ұстаздардың еренді еңбегіне айқын дәлел болды.

Приемная комиссия