Select Page

2021 жылы  14 қазанда  «Абайтану» клубының ұйымдастыруымен биыл ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі – мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының реформаторы, ағартушы, түркітанушы, публицист, ұстаз, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа арналған   «Тілші, реформатор, аудармашы, педагог» деген тақырыпта  іс-шара болып өтті. Бұл іс-шарада А.Байтұрсыновтың  артында қалған мол мұрасы, оның атқарған еңбектері туралы қызықты мәліметтер айтылды.Студенттерге берілген тапсырмалар бойынша  олар да ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ғалымның мол мұрасы туралы ой-пікірлерін айтты.

Ол бала кезiнен сөз танып, оны ұғып, көркем сөздiң елде жоғары бағаланатынын сезiп өстi. Саналы өмiрге аяқ басқан кезiнен бастап, халық поэзиясын, Абай, Ыбырай шығармаларын, орыс әдебиетiн оқыды. Мұның бәрi қоғамдық ой-пiкiрде тынымсыз iзденген, өмiрге құштар Ахмет үшiн текке кетуi мүмкiн емес едi. Сондықтан айналаны тану, бiлу, сезiну қалпын поэзия тiлiмен, өлеңмен жеткiзуге ден қойды. өлеңдi өзiнiң ағартушылық идеясына пайдалануды көздейдi.

Приемная комиссия