Select Page

Ресей Федерациясының Псков облысында қазақтар үшін өте қымбат, ежелден достық қарым-қатынаста болған екі шағын қала – Новосокольники және Невель бар. Жақында бұл қалалардың тұрғындары фашистік басқыншылардан азат етілгенінің 80 жылдығын атап өтті.

Азаттық жолындағы шайқастарға қатысқан Қазақстан жауынгерлері де осы қалалардың ерлік шежіресіне өз беттерін жазды. Олардың көпшілігі, соның ішінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Халық Қақарманы Е.Сүлейменов пен Т.Әбдібеков, Невель коменданты Әбілқайыр Баймулдин және басқа да жерлестеріміз өшпес даңққа бөленді. Ал аймақтағы ең үлкені саналатын Монаководағы жаппай бейітте 2500-ге жуық кеңес жауынгері жерленген, оның 730-ы, яғни үштен біріне жуығы қазақтар.

Сұхбаттың мақсаты: Халқымыздың Батырларының ұрпақ өмірі жолында жасаған өлмес ерліктерін жастарға жеткізу. Олар ұлттық мақтаныштың нышаны, жанқиярлық, ерлік пен патриотизмнің жарқын үлгісі ретінде халық жадында мәңгі қалуы керек.

Приемная комиссия