Select Page

Логистика және көлік академиясының жиырма студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2024 жылдың 15-26 сәуірі аралығында Омбы мемлекеттік байланыс жолдары университетіне (ОмГУПС) жіберілді. Студенттер «Электр энергетикасы», «IT Энергетика», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Локомотивтер», «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар», сондай-ақ «Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы» бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша белгілі бір кредиттерді игерді.

Академиялық ұтқырлық университеттер арасында білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған. Студенттерді тәжірибелі оқытушылар, соның ішінде «Энергетика» кафедрасының сениор-лекторы Утепбергенова Сандугаш және «Көлік инженериясы» Институтының директоры Шамиль Абдрешов алып жүрді, олар сонымен қатар ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Бұл тәжірибе оқушылардың академиялық білімін  кеңейтіп қана қоймай, Қазақстан мен Ресейдің білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

Приемная комиссия