Select Page

2021 жылы 6 желтоқсан күні 15.30-да «Магистральдық инженерия» кафедрасы білім алушыларға арналған “Менің болашақ мамандығым!” атты семинар өткізді. Семинарда “Жылжымалы құрам” циклының білім беру бағдарламаларына шолу жасалды.

Қатысқандар: 6В07116 – Вагон және 6В07117 – Локомотив, 7М07145 – Темір жолдардың жылжымалы құрамы (бейінді 1,5 жыл), 7М07146 – Темір жолдардың жылжымалы құрамы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер мен магистранттар, ОП 8D07159 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көлік, көлік техникасы және технологиялары) докторанттары.

 Баяндамашылар, “МИ” кафедрасының меңгерушісі Әшірбаев Ғ.Қ. және “МИ” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ивановцева Н.В. үш деңгейдегі ББ құрылымы мен мазмұны: кафедраның кадрларды даярлауды жүргізетін бакалавриат, магистратура және докторантура туралы егжей-тегжейлі түсіндірмесі мен презентация ұсынды. Болашақ маманның кәсіби қызметінің түрлеріне және әрбір ББ бойынша тиісті маман лауазымдарының тізбесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тыңдаушыларға “ББ әзірлеудің кезеңдері мен қағидаттары” және 2022 жылғы ББ қайта қарау және талқылаудың жыл сайынғы процесіне қатысу ұсынылды. Семинарға қатысқан профессор-оқытушы құрам өз тәжірибесі және пікірлерімен бөлісті, сұрақтарға жауап берілді.

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия