Select Page

16 сәуірде «Тілдік дайындық» кафедрасы сениор лекторы Л.А. Шинтаеваның ұйымдастыруымен  «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған кеш өткізілді. Іс – шараның мақсаты ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді  ұмытпау және ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеуге, қастерлей білуге үйрену.

Бұл мереке қыз бен жігіттің арасындағы махаббат, ананың балаларына махаббаты, баланың ата-анасына махаббаты сияқты кең ауқымда ұлттық нақышта, ұлттық сипатта аталып өтетін, тәрбиелік мәні бар мереке. Іс-шара барысында  студенттер қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі «Қыз Жібек» қойылымын сахнаға шығарып, би билеп, халқымыздың салт-дәстүрлерінен сахналық көріністер тамашалап, махаббат туралы жыр – дастандар оқылды.

Приемная комиссия