Select Page

2021 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Логистика және Көлік Академиясының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Дене шынықтыру тәрбиесі» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Г.С.Шамшиеваның ұйымдастыруымен «ХХ ғ. 20-40 жылдарындағы ұлттық интеллигенция және қазақ қоғамы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты К.М.Ильясова  арнайы шақырылды. Дөңгелек үстелге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, 2 курс студенттері және  Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары бойынша департамент директоры Бекмұхамбетов Ерлан Болатұлы қатысты.

Алаштанушы-ғалым К.М.Ильясова Тәуелсіздік тарихын Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлерінің идеяларымен байланыстырды. «Алаш» партиясының бағдарламасында көрсетілген «мемлекет қалпы», «жергілікті бостандық», «ел қорғау», «ғылым-білім үйрету», «жер мәселесі» т.б. сияқты өзекті мәселелердің бүгінде өзектілігін жоймай отырғанын алға тартып, алашордашылардың Абайды үлгі тұтқанын, ХХ ғ. басындағы азаттық күрестің жаңа сипат алғанын, ендігі жерде олардың қаруы – қағаз бен қалам болғанын, ал басты мақсаты – қазақтың өз жерін өзіне бұйырту екенін тарихи тұрғыдан жан-жақты баяндап берді. Ол кезде ала алмаған азаттықтың, бүгінгі ұрпаққа бұйырғанын, ендігі біздің мақсатымыз – осы тәуелсіздігімізді баянды ету, оның қадір-қасиетін түсіну екенін айтты.

Дөңгелек үстел соңында Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары бойынша департамент директоры Бекмұхамбетов Ерлан Болатұлы іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, студент жастарға пайдалы кеңестер айтты. Мерекелік іс-шарада АУ-20-1 оқу тобының студенті Әлішер Жұматай «Бақытжан Қаратаев» туралы баяндама жасады, ААХ-20-1 оқу тобының старостасы Аружан Абдуалиева Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқыды, басқа да студенттер ән-күйлерін тарту етті.  

Приемная комиссия