Select Page

2021 жылдың 25 және 26 қарашасында Логистика және көлік академиясында «ЛОГИСТИКА, КӨЛІК ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты Халықаралық Конгресі өтті.

Конгрестің бірінші күнінде ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ ұйымдастырылды.

Күн тәртібінде форумның ең басты мәселесі – адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру жағдайларын болдырмау үшін поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде алдын алу шараларын әзірлеу талқыланды.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы «Ұлттық Компаниясы» АҚ, «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Грузин темір жолдары» АҚ, «Латвия темір жолдары» АҚ, «Қырғыз темір жолы «Ұлттық компаниясы» МК, «Рохиохани Точикистон» МУК, «ВНИИЖТ» АҚ, «ТРАНСТЕЛЕСОФТ» ЖШҚ, «ИНФОТРАНС «ҒӨО» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «ҚАЗТЕМІРТРАНС» АҚ, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және басқа да мемлекеттік органдардың, бизнес саласының және ғылыми-білім беру қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Форум аясында теміржол саласы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Транстелесофт» ЖШҚ, «Транстелеком» АҚ, «DriveIndustry» ЖШС, «ТЖ көлігіндегі инспекторлық орталық» ЖШС, «Темір транс сервис» АҚ, «ИНФОТРАНС ҒӨО» АҚ және т. б. компаниялардың өнімдері назарға ұсынылды.

Екінші күні, 26 қарашада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Түрксіб пен Логистика және көлік академиясының 90 жылдығына арналған «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, КӨЛІК-ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР» атты Халықаралық конференция өтті.

Конференцияны өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық кешенінің жұмыс істеуі мен дамуына қатысты мәселелерді шешу үшін бірқатар ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру, оқу ұйымдары, конструкторлық бюролар, бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдерінің өзара іс-қимыл платформасын қамтамасыз ету болып табылады.

Халықаралық конференцияға көлік-логистика және телекоммуникация салаларының жетекші кәсіпорындарының мамандары, ҚР жоғары оқу орындары, бизнес өкілдері, шетелдік және отандық серіктестер қатысты, олардың ішінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының Көлік және коммуникация бөлімінің төрағасы, «China Civil Engineering Construction Corporation Kazakhstan Branch» (CCECC) компания филалының бас деректоры, «KAZLOGISTICS» СТК бас директоры, Associate Dean forI nternationalisation, International Business School Suzhou, Xi’an Jiaotong-Liverpool университеті, Nanjing Railway Vocational and Technical Institute президенті, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті, «Ғылымқоры» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ЖОО ректорлары және т.б. Сондай-ақ, шақырылған қатысушылардың арасында ССЕСС, Назарбаев Университеті, ҚР БҒМ ҒК Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты, ХАТУ, «ҚТЖ»ҰК» АҚ автоматика, телемеханика және байланыс зертханалары, «Қамқор-вагон» ЖШС филиалы Алматы-1 станциясының вагон-доңғалақ шеберханалары, «KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Батыс» сияқты қоғамжәне бизнес өкілдеріболды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылым академиясы, Nazarbayev University, Логистика және көлік академиясының ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдері белсенді қатысты.

Конференция барысында Логистика және көлік академиясына көптеген құттықтау сөздер мен жылы сөздер айтылды.

Секциялық отырыстардың жұмысы келесі 3 саланы қамтыды:

– Секция 1. «Көлік және көлік инфрақұрылымын пайдалану қауіпсіздігі»;

-Секция 2. «Теміржол саласының энергетикасындағы, автоматикасындағы және телекоммуникациясындағы қазіргі заманғы цифрлық жүйелер»;

– Секция 3. «Логистикалық процестердің қауіпсіздігі және көліктегі басқару».

Секциялардың жұмысы төменде аталған бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту
  • Электроника және робототехника
  • Көлік саласын цифрлық трансформациялау
  • Жылжымалы құрам паркін басқарудағы сандық стандарттар
  • Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
  • Энергетикадағы өзекті мәселелер
  • Көлікжәне экология
  • Автоматика және телемеханика жүйесін дамытудағы инновациялар
  • Көлік-логистика және телекоммуникация салаларыүшін кадрлар даярлау
  • Жасанды интеллект
  • Көлік-логистика саласын басқару.

Көлік өнеркәсібіндегі білім мен ғылымның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, дебат түрде өтті және мазмұнды практикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Халықаралық конференцияның барлық қатысушыларына қызықты және жемісті жобалар, шығармашылық табыстар мен жаңа ашылулар тілейміз!

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия