Select Page

2023 жылғы 30 мамырда «Психологиялық қызмет» секторы «ҚР жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті дамыту» тақырыбында республикалық форум өткізді. Форумға 80-нен астам психолог, оның ішінде Академиямыздың психологы Тұрсынбай Жазира Зұлкайырқызы, профессор-оқытушылар құрамы және еліміздің 58 жоғары оқу орнының проректорлары қатысты.

Форумның басты мақсаты-еліміздің жоғары оқу орындарындағы психологтарға студенттер арасында психологиялық қолайлы орта қалыптастыруға жәрдемдесу, психологиялық сектор қызметін интеграциялау және мамандар арасында тәжірибе алмасу.

Іс-шараның бірінші бөлімінде PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мәншүк Құсайынова «Психологиялық қызметті дамыту және интеграциялау перспективалары» тақырыбында тренинг өткізді. Ол психологтарға студент жастарды зерттеуге қажетті тәжірибелерімен және әдістерімен бөлісті. Біздің академияның психологы форум аясында «Психологиялық қызметті дамыту және интеграциялау перспективалары» тақырыбында семинар – тренингтен өткенін растайтын сертификат алды. Іс-шараның екінші бөлімінде университет психологтары «Психологиялық қызмет» секторының қызметімен таныстырып, «Студенттердің психологиялық портреті» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен бөлісті. Сондай-ақ, форум барысында университет психологтары студенттерге арналған «Шабыт» психологиялық дәптерін таныстырды. Ашық микрофон аясында біздің академияның психологы пікір алмасты, жалпы мәселелерді талқылады және өз ұсынысын білдірді. Іс-шара соңында Алматы қаласының мәдени-тарихи орындарына барды.

Приемная комиссия