Select Page

Коронавирус ауруының негізінде «Омикрон» жаңа штаммының пайда болуына байланысты елде вакцинацияланған адамдарға вакцинаның қосымша дозасын егу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты 16 ақпанда №7 Қалалық емхана өкілдерімен және «AQ JOL» жастар денсаулық орталығымен (жауаптылар: Асылбекова Г.Д., Шәріпқалиев А. А., Махимова У. М.) кездесу өтті. Қалалық емхананың ОМР бойынша бас дәрігерінің орынбасары Жұмабеков Нұрбол Омарбекұлы ревакцинация қажеттілігінің себептері туралы сөз сөйледі, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі студенттерді «PFIZER» вакцинациясынан өту туралы хабардар етті және студенттерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді. «AQ JOL» жастар денсаулық орталығының жетекшісі Құсайынова Дина Тұрғынбайқызы және орталықтың еріктілері ЖИТС, АИТВ және инфекциялар туралы презентация жасады.

Приемная комиссия