Select Page

2022 жылы 14 сәуір күні, сағат 15.30-да Логистика және көлік академиясының конференц-залында (2702) «Ішкі және сыртқы өнеркәсіптік көлік логистикасы, кеше, бүгін, ертең», «Қазіргі нарықтық жағдайларда жүк паркі вагондарын пайдалану тиімділігін арттыру әдістері» тақырыптарында семинар өтті. Спикер – «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» ЗТБ президенті Бөлекбаев Берік Райымбекұлы.

Семинарға Академияның профессор-оқытушы құрамы мен студенттері қатысты.

Семинарда бірінші тақырып шеңберінде қазіргі заманғы өнеркәсіптік логистиканы жалпы талдау мәселелері, өнеркәсіптік кәсіпорынды көліктік қамтамасыз етудің өндірістік процестерінің проблемалары мен тар жерлері; бірыңғай инфрақұрылымда жүк жеке тасымалдаушылардың көптігінің жаңа жағдайларында өнеркәсіптік көліктік логистиканың функционалдық-ұйымдастырушылық құрылымын дамыту перспективалары; теміржол көлігінің ішкі және сыртқы логистикасын оңтайландыру және дамыту мәселелері қозғалды.

Екінші тақырып аясында: жүк вагондары операторларының қазақстандық және ресейлік теміржол саласындағы ағымдағы жағдайды талдау, вагон жасау және жылжымалы құрамды жөндеу нарығына шолу және талдау және т. б. талқыланды.

Семинар пікірталас форматында өтті, спикер Б.Р. Бөлекбаевқа ПОҚ және студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Семинар қорытындысы бойынша студенттер үшін 8 сағаттық семинар (оқыту) өткізу туралы шешім қабылданды.

Б.Р. Бөлекбаевқа мазмұнды семинары үшін алғыс айтамыз.

Приемная комиссия