Select Page

2024 жылдың 2 сәуірінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің және полиция басқармасының қызметкерлері Академия қабырғасында білім алушылар мен логистика және көлік Академиясының қызметкерлеріне электр-скутерлер мен мопедтерді қалай дұрыс қою керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алматы қаласы үлкен мегаполис, сондықтан қала тұрғындары қоғамдық көліктерді скутер және мопед ретінде пайдалануға дағдыланған. Осы көлік құралдарымен жүруді жеңілдете отырып, халықты осы көлік үшін бөлінген жерлерде тұрақ мәдениетіне үйрету қажет. Логистика және көлік Академиясының білім алушылары да назардан тыс қалған жоқ. Академия қонақтары білім алушылар мен қызметкерлердің назарын аудара отырып, көлік құралдарын тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне қою дұрыс емес екенін айтты. Жаяу жүргіншілер тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалана алатынын түсіндірді. Жаяу жүргіншілер жолында мопедтер мен электр скутерлердің қозғалысы, тұрағы жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысына кедергі келтіреді. Бұл қызметкерлер көлікті жол бойында қоюға және тек жол бойымен жүруге кеңес берді.

Білім алушыларды келесі сұрақтар қызықтырды:

– «Жоғарыда айтылған ұсыныстарға тыйым салу бойынша нормативтік актілер бар ма?»

– «Мопедтер мен скутерлерді қоюға арналған арнайы белгілер бола ма?»

– «Дұрыс емес тұрақ үшін қандай әкімшілік жазалар алынады?»

– «Мопедтерді жүргізу үшін жүргізуші куәлігі қажет пе?».

Әкімдік әкімшілігі мен полиция басқармасының қызметкерлері көптеген сұрақтарға жауап бере алмады, бірақ оларды құзыретті органдардың алдында жариялауға уәде берді.

Приемная комиссия